Ұлттық киіммен келді

Ұлттық киіммен келді
almaty-akshamy.kz

Елдегі саяси науқанға алматылықтар белсенді әрі көтеріңкі көңіл-күймен атсалысуда. Тіпті, кейбір дауыс берушілер киім үлгісімен де ерекшеленді, - деп хабарлайды almaty-akshamy.kz

Қызыл бешпеті анадайдан көзге түскен аруға жақындап жөн сұрадық. Өзін Арай Қасымбаева деп таныстырған қала тұрғыны Алматы қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың әдістемелік орталығында қызмет атқарады екен. Дауыс беруге отбасымен келіпті. 

«Тұрғылықты жеріміз бойынша №75 сайлау учаскесіне тіркелген екенбіз. Азаматтық көзқарасымызды танытуды парызымыз деп отбасымызбен дауыс беруге келдік. Ұлым Сержан биыл 18-ге толды. Алғаш рет дауыс бермек. Бүгінгі күн Наурыз мерекесімен тұспа-тұс келгендіктен, осылайша ұлттық нақыштағы киім үлгісімен келгенді жөн санадым. Бүгін бүкіл ел үшін маңызды қадам жасайтын күн. Сондықтан барлығымыз елім, жерім дейтін кандидатқа дауыс бердік деп есептейміз. Біз әділетті Қазақстанның болашағына сенеміз!»,  – дейді Арай Иманбекқызы.