Ұлттық қауіпсіздік қызметінің зейнеткері дауыс берді 

Ұлттық қауіпсіздік қызметінің зейнеткері дауыс берді 
almaty-akshamy.kz

Алматы қаласы Бостандық ауданындағы сайлау учаскесінде қала тұрғындары сайлауға белсенді қатысуда. Саяси науқанға қатысушылардың көңіл-күйі өте тамаша. Сайлаушылардың бірі осы ауданның тұрғыны Қараби Мұхамбетқали мырза. Ол өзінің сайлау туралы пікірімен бөлісті, - деп хабарлайды almaty-akshamy.kz

– Бүгін тамаша күн, бүкіл халық болып сайлауға қатысып жатырмыз. Жұртымның жұдырықтай жұмылғанын көрудің өзі зор бақыт. Өзім ұзақ жылдар ұлттық қауіпсіздік, қаржы министрлігі және басқа да мемлекеттік қызметтерде еңбек еттім, әскер шенім – полковник. Қазір зейнет жасына келсем де, елімізде болып жатқан саяси жаңалықтарды қалт жібермей қарап отырам. Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жаңа Қазақстан құру бастамасын қос қолдап құптаймын. Біздің еліміздің өркендеуі үшін құлшыныспен жұмыс істейтін жас мамандар қажет. Бүгін мен өз таңдауымды жасадым. Халық пен билік арасында сенім нығая түседі деп үміттенем. Барша қазақ халқын әз Наурыз мерекесімен құттықтаймын!   - деді зейнеткер.