Бұл жерде заң бұзушылық жоқ

Бұл жерде заң бұзушылық жоқ
Сурет: Өңірлік коммуникациялар қызметі

«№406 сайлау учаскесінде екі адам дауыс беруге арналған кабинаға кірді. Бұл жағдайды округтік сайлау комиссиясы арқылы түсіндірдік. Сайлаушы қолын жарақаттап алуына байланысты дауыс беруге көмектесу үшін әйелін ерте келгені белгілі болды. Бұл жерде ешқандай заң бұзушылық жоқ. Заңға сәйкес мұндай жағдайда сайлаушыға көмек көрсетуге болады. Мұндайда комиссия мүшесі, байқаушы, уәкілетті өкіл, БАҚ өкілі онымен бірге кабинаға кіре алмайды. Ал туыстары мен достары, жұбайы дауыс беруге көмектесу үшін кабинаға кіре алады»,-деді Алматы қалалық АСК Төрайымы Айгүл Қалыкова.