ҰҚК қазба байлықты заңсыз қазған топты ұстады

ҰҚК қазба байлықты заңсыз қазған топты ұстады
Сурет: Tengrinews.kz

Ақмола облысында пайдалы қазбаларды заңсыз қазған трансұлттық қылмыстық топ ұсталды.

Олар 2019-2021 жылдар аралығында өңірде өкілетті органның рұқсатынсыз 233 мың тонна пайдалы қазбаны қазып шығарып, өңдеп, өткізіп отырған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 

Қылмыстық топ мүшелерінің заңсыз әрекеттерінің кесірінен, мемлекетке 1,2 млрд теңгеден астам зиян келтірілген. Қазір іс сотқа жолданды.