ҰҚК Кәрім Мәсімовтің ісі жайлы жаңа мәлімет берді

ҰҚК Кәрім Мәсімовтің ісі жайлы жаңа мәлімет берді
Сурет: Qazweek.kz

Күзде сот процесі басталады.

ҰҚК төрағасының орынбасары Асқар Әмірханов Кәрім Мәсімовтің ісі бойынша жаңа мәліметтерді жариялады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Egemen.kz сілтеме жасап. 

Мәжіліс кулуарында ҰҚК төрағасының орынбасарына Кәрім Мәсімовты қамауда ұстау қанша уақытқа ұзартылатыны жөнінде сұрақ қойылды.

«Күзге қарай бұл істе айқындық болады деп ойлаймын. Күзде сот процесі басталады. Менің білуімше, іс материалдары жіктелген. Сот процесінің ашық немесе жабық болуын сот органдары анықтайды», - деді Асқар Әмірханов.

Ол ҰҚК төрағасының бұрынғы бірінші орынбасары Самат Әбіш тергеуден өтіп жатқанын қоса айтты.