Кредиттік есепті онлайн режимде алуға болады

Кредиттік есепті онлайн режимде алуға болады
Сурет: Zen.yandex.ru

Корпоративтік кредиттік есептер күнтізбелік бір жыл ішінде бір рет тегін беріледі.

Қайта және одан кейінгі сұратулар кезінде 400 теңге мөлшерінде (ҚҚС қосқанда) төлем алынады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

«Мемлекеттік кредиттік бюро» АҚ азаматтарға кредиттік есептерін онлайн режимде алу мүмкіндігін ұсынды.

«Мемлекеттік кредиттік бюро» АҚ сайтта жеке және заңды тұлғалар үшін кредиттік есептерді, сондай-ақ Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру (КҚИ АҚЖ МС) санаты бойынша сақтандыру есептерін онлайн режимінде алу мүмкіндігі жасалғанын хабарлайды. Сайтқа ЭЦҚ көмегімен кірген жағдайда цифрлық форматтағы жеке тұлғаларға арналған дербес кредиттік есептер мен сақтандыру есептерін кез келген электрондық құрылғыдан тегін алуға болады», - делінген бюро ақпаратында.

Кредиттік есеп соңғы ақпаратты (қарыз алушының өзі туралы деректер мен әрбір кредит бойынша толық ақпарат – кредиттің жалпы сомасы, несие берешегінің қалдығы, кредиттің мақсаты, кредит туралы мәліметтер берген қаржы ұйымын көрсете отырып, кредит бойынша кепіл туралы ақпарат) алған күні 5 жылдан кем болатын қарыз алушының міндеттемелері туралы Кредиттік тарихтың дерекқорынан алынған ақпаратты қамтиды.

Сақтандыру есептері тұлғаны сақтандыру тарихы (сақтандыру ұйымдарының атауын, полистің қолданылу кезеңін, сондай-ақ сақтандыру жағдайларын, сақтандыру сыныптарын қоса алғанда, жасалған КҚИ АҚЖ МС сақтандыру полистері) бойынша Бірыңғай сақтандыру дерекқорынан алынған ақпаратты қамтиды. Заңды тұлғалар үшін корпоративтік кредиттік есептер күнтізбелік бір жыл ішінде бір рет тегін қолжетімді. Қайта және одан кейінгі сұратулар кезінде 400 теңге мөлшерінде (ҚҚС қосқанда) төлем алынады.