ҰҚК мамандары Самат Әбішті жауап беруге шақыртып жүр

ҰҚК мамандары Самат Әбішті жауап беруге шақыртып жүр
Сурет: Kaztag.kz

Самат Әбіш Қазақстанда жүр.

Тергеу амалдары аясында Самат Әбіштен жауап алынып жатыр. Бұл туралы ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Асқар Әмірханов айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 

Алайда ол тергеу амалдары барысында Самат Әбіш күдікті немесе куәгер екенін нақтыламады. 

Асқар Әмірхановтың айтуынша, тергеу органдары Самат Әбішті жауап беруге шақыртып жүр. 

«Самат Әбіш тергеу орбитасында. Ол жауап беріп жатыр. Оның статусын білмеймін және ол дәл қазір Қазақстанда екенін білемін. С.Әбішті өзім көрмедім. Менің ойымша, тергеу амалдары жүріп жатыр. Ол сонда болуы керек», - деді Асқар Әмірханов Мәжілісте тілшілер сауалына жауап бере отырып. 

Бұдан бұрын хабарланғандай, биыл қаңтар айында Мемлекет басшысының өкімімен Самат Сатыбалдыұлы Әбіш Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бірінші орынбасары лауазымынан босатылды.