ҰБТ тапсыратын балалар математиканы жиі таңдайды екен

ҰБТ тапсыратын балалар математиканы жиі таңдайды екен

Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев наурыздағы ҰБТ қалай өткені жайлы мәлімет таратты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Оның айтуынша, ең көп таңдалған бейіндік пәндер комбинациялары өзгермеген.

Олар:

- «Математика-Физика» (25%)

- «Химия-Биология» (17%).

Ең аз таңдалатын комбинация «Химия-Физика» (0,13%). Бұл пәндерді тапсырып «Химиялық инженерия және процестер» білім бағдарламасын таңдауға болады.

63 адам смартфондарды, шпаргалкаларды және басқа да тыйым салынған заттарды алып өту әрекеті салдарынан тестілеуден өту мүмкіндігінен айырылды.

135 адам тестілеу кезінде ережелерді бұзғаны үшін аудиториядан шығарылды, олардың нәтижелері жойылды.

«Тестіленушілер телефондарды, құлаққаптарды, смарт-сағаттарды, шпаргалкаларды және калькуляторларды алып кірмекші болған. Калькулятор, Менделеев және тұздардың ерігіштік кестелері компьютерге жүктелгендігін қайтадан естеріңізге сала кетейін», - деп ескертті Руслан Емелбаев.