Прагада «Ахмет Байтұрсынұлы және Алаш» атты кітап жарыққа шықты

Прагада «Ахмет Байтұрсынұлы және Алаш» атты кітап жарыққа шықты
24 kz

Бұл еңбек чех және ағылшын тілдеріне алғаш рет аударылды, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz.

Туындыға қазақ мәдениетінің айтулы қайраткерлері мен қазіргі заманғы алашордашы ғалымдардың еңбектері кірді.

Жиында қазақстандық дипломаттар Байтұрсынұлының қазақ тарихындағы айрықша орнына тоқталды. Қазақ мемлекеттілігінің қалыптасу жолы жан-жақты талқыланды.

Іс-шараға қатысушылар қазақ елінің тәуелсіздік жылдарында қол жеткізген табыстары туралы ой-пікір алмасты.