Экология департаменті «Арселормиттал» компаниясын сотқа берді

Экология департаменті «Арселормиттал» компаниясын сотқа берді
Cурет: Ашық дереккөз

Кәсіпорын экологиялық талаптарды бұзған

Қарағанды облысындағы Экология департаменті "Арселормиттал" компаниясын сотқа берді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Atameken Business-ке сілтеме жасап.      

Бұған кәсіпорынның экологиялық талаптарды бұзғаны себеп болған. Оған қоса, компания бұзушылықтарды мойындамай, тіпті тексеріс үшін қажетті барлық материалдарды беруден бас тартқан. 

Ведомстваның мәліметінше, 27-ші қазан мен 11-ші қараша арасында Металургиялық кәсіпорынның цехында тексеріс жүргізілген. Нәтижесінде жиналған түтін газдарының барлығы атмосфералық ауаға өтіп жүргені анықталған. 

Сондай-ақ «АрселорМиттал Теміртау» компаниясы осыған дейін жасалған ескертулер мен нұсқамаларды да орындамағаны белгілі болды.