Елордада крематорий құрылысы басталды

Елордада крематорий құрылысы басталды
Сурет: Fergana.site

Құрылыс-монтаж жұмыстарымен қаланың құрылыс басқармасы айналысып жатыр.

Нұр-Сұлтанда Биологиялық және медициналық қалдықтарды жоятын патологоанатомиялық бюроның құрылысы басталды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Құрылыс мемлекеттік сараптамадан өткен жобалық-сметалық құжаттамаға сәйкес жүргізілуде», - деп хабарлады әкімдік.

Қазір қазандық орнату жұмыстары басталды.

Еске салсақ, 2020 жылы тамыз айында елордадағы крематорий құрылысына 1,5 млрд теңге қажет екені хабарланған еді.

Айта кетері, Нұр-Сұлтан крематорий салынатын елдегі жалғыз қала емес. Алматы қаласында да крематорий құрылысы аяқталуға жақындап қалды.