Биыл ауыл шаруашылығы дақылдарының жалпы жинау алаңы 23,4 млн гектар болды

Биыл ауыл шаруашылығы дақылдарының жалпы жинау алаңы 23,4 млн гектар болды
Сурет: Agrotimes.ua

Оның ішінде астық жинау алаңы 16,1 млн га құрайды.

Бүгін өткен Үкімет отырысында егін жинау науқанының барысы туралы сөз болды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Орташа түсімділік гектарына 13,0 центнер көлемінде 20,1 млн. тонна астық бастырылды.

Ақтөбе, Қарағанды облыстарында және Шымкент қаласында дәнді дақылдарды жинау толығымен аяқталды.  

Жиналатын бидай алаңы 12,9 млн. гектарды құрайды, оның 12,6 млн. гектары немесе 98,1%-ы жиналды, түсімділігі гектарына 12,4 центнер шамасында 15,5 млн. тонна.

Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Жетісу, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда, Түркістан облыстарында және Шымкент қаласында бидай жинау аяқталды. Қалған облыстарда аяқталу сатысында.

Майлы дақылдарды жинау 1,4 млн. га алқапта немесе егін жинау алаңының 40%-ында жүргізілді, майлы дақылдардың жалпы жиналымы гектарына 7,3 центнер орташа түсімділікпен 1,0 млн. тоннаны құрайды.

Картоп 164,5 мың га алқаптан жиналды немесе жоспарланған алаңның 83,3%, жалпы жинау гектарына 198,2 центнер түсімділікпен 3,2 млн. тоннаны құрады.

Көкөніс дақылдары 149,6 мың га алқаптан жиналды немесе жоспарланған алаңның 87,7%. Жалпы жиын-терім гектарына 280,5 центнер түсімділікпен 4,2 млн. тоннаны құрады.

Ағымдағы жылдың қолайлы жағдайлары егіннің сапасына оң әсер етті.

Егін жинау жұмыстарын уақтылы жүргізу үшін ауыл шаруашылығы құралымдарына 423,5 мың тонна жеңілдетілген дизель отыны бөлінді, бұл 2021 жылғы деңгейден 27,0 мың тоннаға көп.

Ағымдағы маусымда Азық-түлік келісімшарт корпорациясы форвардтық келісімшарттар шеңберінде шамамен 1,1 млн. тонна ауыл шаруашылығы дақылдарын.