VI Baiqonyr International Short Film Festival ұлттық конкурсы ұзартылды - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті —

VI Baiqonyr International Short Film Festival ұлттық конкурсы ұзартылды

VI Baiqonyr International Short Film Festival ұлттық конкурсы ұзартылды
Сурет: Вaiqonyr.kz

Отандық кинокартиналар бәсекелестікке қабілетті.

Келіп түскен көптеген өтініштер бойынша VI Baiqonyr International Short Film Festival ұлттық конкурсқа өтінімдерді қабылдау мерзімін 15 тамызға дейін ұзартты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. Вrod.kz сайтына сілтеме жасап.

Шараға қатысушыларға уақыттың ұзартылуы сұраныс бойынша қарастырылған көрінеді.

Айта кетейік, VI Baiqonyr International Short Film Festival фестиваліне қатысуға өтінімдер қабылдау 17 мамырдан басталған болатын. Фестиваль Алматы қаласында 8-12 қыркүйек аралығында өтеді.

BISFF 2 бағдарламадан тұрады:

  • Негізгі конкурс (ойын және деректі халықаралық қысқаметражды кино)
  • Ұлттық конкурс (ойын, деректі, анимациялық қысқаметражды кино)

Аталған конкурсқа қатысуға 2020-2021 жылдары қазақстандық режиссерлер және отандық продюсерлер түсірген туындылар қатыса алады. Сонымен қатар техникалық жағынан кинотеатрда көрсетуге жарамды ұзақтығы 30 минутқа дейінгі қысқаметражды ойын, деректі, анимациялық фильмдер шақырылады.