Вегетариандық генмен беріледі

Вегетариандық генмен беріледі
Сурет: Rgb6.medgis.ru

Бұл ғылыми  түрде дәлелденді. 

330 мың адам геніне талдау жасағаннан кейін америкалық ғалымдар вегетариандардың не үшін өсімдік негізіндегі диетаны таңдайтынын анықтады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 

Көп адамдар жануарларға деген жанашырлықтан немесе көміртегі шығарындысын азайту сияқты этикалық себептермен өсімдік негізіндегі диетаға ауысып жатыр.

Бірақ мұндай тамақтану жүйесіне деген құштарлық тұқым қуалауы мүмкін бе? Америкалық ғалымдар осы сұраққа жауап іздеп көрді. 

Ғалымдардың айтуынша, өсімдік тағамдарын таңдау біздің генетикамызға негізделуі мүмкін.

Солтүстік-Батыс университетінің (АҚШ) патологиялық анатомия кафедрасының профессоры Набиль Ясин бастаған зерттеушілер тобы ауқымды биомедициналық деректер базасын талдады.

Олар 40 пен 69 жас аралығындағы 5 324 вегетариан мен вегетариан емес 329 455 адамның геномын салыстырды.

«Біз вегетариандыққа қатысы бар үш генді анықтадық. Тағы 31 ген вегетариандықпен байланысты болуы мүмкін», — деді Ясин Euronews Next арнасына.

Генетикалық нұсқалардың диетаны таңдауға әсер ету механизмдері метаболизмнің, физиологияның және дәм қабылдаудың өзара әрекетін қамтиды.

«Диеталық тағамдарды таңдау және тұтыну дәмді қабылдауға байланысты» делінген зерттеуде.