ТЖД алматылықтарға сақ болуды ескертті

ТЖД алматылықтарға сақ болуды ескертті
Сурет: Liter.kz

22 қазан күні Алматы тауларында күндiз жаңбыр және қар жауып, найзағай ойнайды.

Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаменті «Қазгидрометке» сілтеме жасап, ауа райына қатысты ескерту жариялады, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz

Тұман түсіп, көктайғақ болады. Солтүстiк-батыстан соққан желдің екпiнi ceкундына 15-20 метрге жетпек.

Осыған байланысты ТЖД мынадай қауіпсіздік шараларын сақтауды ұсынады:

- Таулы аймаққа баруды кейінге қалдырған дұрыс.

- Егер сіз кішігірім топырақ көшкіндерді байқасаңыз, онда тауға бармағаныңыз жөн. Қарқынды жауын-шашын түскен жағдайда төмен таулы аймақта топырақ көшкін болуы мүмкін.

- Егер сіз тауда болсаңыз, мұқият болыңыз және ауа райының өзгеруін қадағалаңыз.

- Егер сіз тау бөктерінде қардың жылжуын, қардың түйіршіктерін байқасаңыз, онда тауларға бармағаныңыз жөн. Бұл қардың тұрақсыз күйде екенін, көшкіннің қауіпі мүмкін екенін білдіреді.

- Үйге ертерек қайтуға тырысыңыз, кері бағытты таба алмауыңыз мүмкін.

- Рюкзактарда мыналар болуы тиіс: жылы киімдер,күтпеген жағдайда дәрігерге дейінгі көмек көрсетуге арналған дәрі қобдишасы, GPS навигаторларының болуы артық болмайды.

- Ешбір жағдайда тауға жалғыз бармаңыз.

- Туған-туыстарыңыз бен жақындарыңызды маршрутыңыздың бағыты және орналасқан жеріңізді барынша толық хабардар ету өте маңызды. Автокөлік жүргізушілері, сақтық шараларын сақтаңыз!