ТЖД алматылықтарға тауға шықпауға кеңес береді

ТЖД алматылықтарға тауға шықпауға кеңес береді
сурет kaz.nur.kz алынды

Қар көшкіні: ТЖД алматылықтарға үндеу жолдады

Ауа райына байланысты Алматының таулы аймақтарында тас құлау, қар көшкіні қаупі сақталады, деп хабарлайды  almaty-akshamy.kz

ТЖД мәліметінше, қауіпті аймаққа кіруді шектеу үшін блок-бекеттер қойылған.

"Алматы қаласының төтенше жағдайлар департаменті мен "Қазселденқорғау" тұрғындарға тауға шықпауға кеңес береді, өйткені қауіпті", – делінген хабарламада.

Ведомство өкілдерінің мәлімдеуінше, мүдделі ұйымдар таулы жерлерге халықтың кіруін шектеу бойынша шаралар қабылдауы қажет.