Түрмеде отырған ирандық құқық қорғаушы әйелге Нобель сыйлығы бұйырды

Түрмеде отырған ирандық құқық қорғаушы әйелге Нобель сыйлығы бұйырды
Сурет: Obozrevatel.com

Бейбітшілік саласындағы 2023 жылғы Нобель сыйлығы ирандық құқық қорғаушы Наргиз Мохаммадиге бұйырды.

Наргиз Мохаммади – әйелдер құқығын қорғау және өлім жазасын алып тастауды жақтаушылардың бірі, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Ол Иранда бірнеше рет қамауға алынып, қазіргі кезде «мемлекетке қарсы үгіт-насихат жүргізді» деген айыппен ұзақ мерзімге сотталып, түрмеде жазасын өтеп жатыр. 

Мохаммади – 2003 жылғы Нобель бейбітшілік сыйлығының лауреаты Ширин Эбади басқаратын адам құқықтарын қорғау орталығы директорының орынбасары.

Ол сондай-ақ Ирандағы ұлттық бейбітшілік кеңесінің атқарушы комитетінің төрайымы болып сайланды.