Түрксіб ауданының 5 жаңа бағытына жүру үшін 171 автобус сатып алынды

Түрксіб ауданының 5 жаңа бағытына жүру үшін 171 автобус сатып алынды
Сурет: ашық дереккөз

Көліктік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында 2023 жылы Түрксіб ауданының 5 жаңа бағытына жүру үшін 171 автобус сатып алынды және 7 маршрут бойынша құрамдар жаңартылды.

Осы жылы құрамды одан әрі жаңарту және 20 маршрутты күшейту жоспарлануда, оның ішінде 5 бағыт бойынша 104 жаңа автобустар осы жылдың 1-ші тоқсанында қатынайтын болады. Осылайша 2024 жылдың соңына дейін сіздердің ауданыңызға қызмет көрсететін автобус паркі 50%-дан астам жаңартылады, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. 

«Қайрат» шағын ауданы тұрғындарының өтініші бойынша «Восток» автобус паркін «Жетісу Семиречье» базарының аумағынан көшіру жүргізілуде, ол осы жылдың 1-ші тоқсанының соңына дейін аяқталады.

Өткен жылдан бастап қалада «Мектеп автобусы» жобасы жүзеге асырылып жатқаны өздеріңізге мәлім. Түрксіб ауданында 8 мектеп автобусы 6 мектептің оқушыларын тасымалдайды. Жаңа оқу жылының басынан бастап біз 10 мектептің 2 мыңнан астам оқушысын қамту үшін сіздердің ауданыңыздағы автобустардың санын 22 бірлікке дейін арттыруды жоспарлап отырмыз, деді қала әкімі аудан тұрғындарымен кездесуінде.