Түрксіб ауданында ұзындығы 22 шақырым 17 көшеге жолдардың орташа жөндеу жүргізілген

Түрксіб ауданында ұзындығы 22 шақырым 17 көшеге жолдардың орташа жөндеу жүргізілген
Сурет: ашық дереккөз

Жол инфрақұрылымын дамыту бойынша белсенді жұмыс жалғастырылады.

Өткен жылы Түрксіб ауданында ұзындығы 22 шақырым 17 көшеге жолдардың орташа жөндеу жүргізілген. Бұл жайында Алматы қаласы әкімі Е.Досаевтың Түрксіб ауданы тұрғындарымен кездесуінде мәлім болды, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. 

Осы жылы ұзындығы 44,4 шақырым 36 көшені жөндеу жоспарлануда. Ағымдағы жөндеу аясында тағы 40 мың м2 жол төсемін қалпына келтіру жоспарлануда.

2023 жылдың қыркүйек айында «Парасат» ТК қарама-қарсы Рысқұлов даңғылына жер үсті жаяу жүргіншілер өткелі салынды. Осы жылдың маусым айының аяғына дейін Ержанов көшесі бойынша теміржол өткелі арқылы жер үсті жаяу жүргіншілер өткелінің құрылысы аяқталады. Сонымен қатар, Хмельницкий көшесін «Қайрат» шағын ауданынан Талғар трактісіне дейін ұзарту бойынша ЖСҚ әзірленуде. 2024 жылдың наурыз айында ЖСҚ-ға мемлекеттік сараптама аламыз, дейді қала әкімі Ерболат Досаев.