Қазақстанда жеке басқаруға берілген зейнетақы жинақтарына мемлекеттік кепілдік болмайды

Қазақстанда жеке басқаруға берілген зейнетақы жинақтарына мемлекеттік кепілдік болмайды Сурет: Kapital.kz

Кепілдік олардың Ұлттық банк басқаратын бөлігіне ғана қолданылады.


Қазақстандықтарға зейнетақы жинақтарының бір бөлігін жеке басқаруға беруге рұқсат етіледі, бірақ оларға мемлекеттік кепілдіктер қолданылмайды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz LS сілтеме жасап.


Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова Әлеуметтік кодексте қазақстандықтарды зейнетақымен қамсыздандыру бөлігінде жоспарланған өзгерістер туралы айтты.



"Салымшылардың өз активтерін басқару жөніндегі құқықтарын кеңейту бойынша өзгерістер енгізілуде. Салымшылар жинақтардың 50%-дан аспайтын бөлігін жеке басқаруға бере алады. Алайда зейнетақы жинақтарының сақталуына мемлекеттік кепілдік олардың Ұлттық банк басқаратын бөлігіне ғана қолданылады", - деп түсіндірді министр.



Сонымен қатар, Дүйсенованың айтуынша, аға ұрпақ және бүгінгі буын зейнеткерлері үшін алдағы бес жылда базалық зейнетақы ұлғаяды. Сондай-ақ, еңбек зейнетақысының мөлшерін есептеу үшін пайдаланылатын ең жоғары табыс мөлшері 46 (140,8 мың теңге) АЕК-тен 55 (168,4 мың теңге) АЕК-ке дейін немесе орташа жалақының 70%-на дейін ұлғаяды.


Бұл ретте өз жинақтары есебінен зейнетақы қалыптастыратын болашақ зейнеткерлер үшін 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап жұмыс берушілердің қосымша зейнетақы жарналары енгізілетін болады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

10:49

10:45

10:27

10:14

10:10

17:54

17:50

16:40

16:12

15:42

15:30

14:52

14:10

13:26

13:13

12:59

12:46

12:07

11:55

11:30

11:03

10:40

18:41

18:39

18:31