Мәслихат депутаты балаларды қуантты

Мәслихат депутаты балаларды қуантты
Сурет: Almaty-akshamy.kz

100 шақты бала мерекелік сыйлықтарға ие болды.

Президенттің тапсырмасына сәйкес балаларды Жаңа жылмен құттықтауға ерекше көңіл бөлінді. Биыл Алматыда дәстүрлі түрде мектептерде, әлеуметтік орталықтарда, балаларға бейімдеу және көмек көрсету орталықтарында балаларға арналған шыршалар, сондай-ақ ХӘОТ санатындағы балалар мен мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған шыршалар өткізілді, - деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Алматының Түрксіб ауданында 29 желтоқсан күні көпбалалы және аз қамтылған отбасылардың балаларына жаңажылдық сыйлықтар таратылды, Жаңа жылдық шара Түрксіб ауданының  «Бақытты отбасы» әлеуметтік орталығында өтті. Жағдайы төмен отбасылар мен көпбалалы отбасынан шыққан балалар және мүгедектігі бар 100 шақты бала мерекелік сыйлықтарға ие болды. Сыйлықтарды Алматы қаласы Мәслихатының депутаты Шухрад Шардинов тапсырды.

Депутаттың айтуынша, Түрксіб ауданында әлеуметтік қолдауды қажет ететін бес мыңнан астам отбасы тіркелген. Мәслихат депутаттары «Бақытты отбасы» орталықтарымен тұрақты түрде ынтымақтастыққа жұмыс істеп, әрдайым қолдау білдіріп отырады.  Жаңа жыл қарсаңында халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан балаларға жаңа жылдық сыйлықтар үлестіру дәстүрі бес жылдан бері жалғасып келеді. Мұндай игі дәстүр балаларға жаңа жылдық көңіл күй сыйлайды.