Түрксіб ауданында наурыз айында 2 дәрігерлік амбулатория құрылысын аяқтау жоспарланған

Түрксіб ауданында наурыз айында 2 дәрігерлік амбулатория құрылысын аяқтау жоспарланған
Сурет: ашық дереккөз

Осы жылдың наурыз айында «Нұршашқан» шағын ауданында 100 келушіге және Айбасов көшесінде 200 келушіге арналған 2 дәрігерлік амбулатория құрылысын аяқтау жоспарланған, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. 

Осы жылдың наурыз айында 2 емхана «Қайрат» шағын ауданында 340 келушіге және желтоқсан айында Наманганская көшесіндегі ескі ғимаратты бұза отырып, ауысымда 500 келушіге арналған дәрігерлік амбулатория салу үшін жобалау-сметалық құжаттама әзірленуде. Сонымен қатар, осы жылдың II тоқсанында «РВ-90» шағын ауданында 200 келушіге арналған дәрігерлік амбулаторияның да жобалау-сметалық құжаттамасы қолға алынған.

Осы жылдың мамыр айына дейін өткізу қабілеті күніне 600 адам болатын «Жас Қанат» шағын ауданында дене шынықтыру-сауықтыру кешенін ашу жоспарланған. Қазір Майлин көшесі бойынша «Авиатор» дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысына жобалау-сметалық құжаттама әзірленуде, сондай-ақ №6 Оқушылар үйін күрделі жөндеу бойынша жобалау-сметалық құжаттама әзірленуде, деді қала әкімі Түрксіб ауданы тұрғындарымен кездесуінде.