Түркияның 11 ауданында жаңа үйлердің іргетасы қалана бастады

Түркияның 11 ауданында жаңа үйлердің іргетасы қалана бастады
Сурет: Golos-naroda.kz

 Бір жыл ішінде жер сілкінген 11 облыста 650 мың үй салынады.

Түркия Үкіметі мүшелері мен партия жетекшілері бас қосқан Қахраманмараш қаласындағы жиында Режеп Тайып Ердоған тікелей эфирде жаңа үйлердің іргетасын құю процесін бастатты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Qazaqstan.tv-ға сілтеме жасап. 

Оның 30 мыңнан астамы ауылдарда бой көтермек. Үйлердің биіктігі 4-5 қабаттан аспайды және тастақ жерлерге салынады. Түркияның оңтүстік-шығысында бір жарым ай бұрын болған алапат жер сілкінісінен 50 мыңнан аса адам қайтыс болып, 500 мыңнан аса ғимарат қираған немесе бүлінген. Экономистер бұл апаттан Түркия экономикасына 100 млрд доллардан аса шығын келгенін айтады.

«Апат аймағында үйінділерді тазалау, уақытша баспана тұрғызу және жаңа үйлер салу сияқты жұмыстарды бір мезгілде жүргізіп жатырмыз. Бүгінге дейін қирандылардың жартысынан көбін тазаладық. Өңірде 525 мың шатыр, 32 мың контейнер орнаттық. Мамыр айына дейін 100 мың контейнер үй орнату жоспарда», - дейді Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоған.