113 адамды қамауға алу жөніндегі ордер берілді

113 адамды қамауға алу жөніндегі ордер берілді
сурет: rbc.ru

Түркияда жер сілкінісіне байланысты қылмыстарды тергеу бөлімдері ашылды

Түркияның 10 провинциясында Әділет министрлігінің тапсырмасымен жер сілкінісіне байланысты қылмыстарды тергеу бөлімдері ашылды, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz Анадолу агенттігіне сілтеме жасап.

Түркияның вице-президенті Фуат Октайдың айтуынша, жер сілкінісі салдарынан қираған ғимараттар үшін 131 күдікті анықталды, оның біреуі қамауға алынды, тағы 113 адамды қамауға алу туралы ордер берілді.

Елдің қоршаған орта, урбанизация және климаттың өзгеруі министрі Мұрат Курум 10 провинциядағы 171 882 ғимаратқа тексеру жүргізілгенін айтты.

«Біз 24 921 ғимаратта барлығы 120 940 құрылыстың құлағанын, шұғыл бұзуды қажет ететінін немесе қатты зақымдалғанын анықтадық», - деді М. Курум.

Оған қоса, 10 провинцияда 122 279 ғимарат шамалы зақымданған немесе мүлде зақым келмеген.