Түлектер емтиханды қашан тапсырады?

Түлектер емтиханды қашан тапсырады?
Сурет: ашық дереккөз

Оқу-ағарту министрі 2022-2023 оқу жылын аяқтау және оқушыларды қорытынды аттестаттаудан өткізу мерзімін бекіту туралы бұйрыққа қол қойды.

Бұл туралы Оқу-ағарту бірінші вице-министрі Шолпан Каринова әлеуметтік желіде жазды, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz.
Құжатқа сәйкес, орта білім беру ұйымдарындағы оқу сабақтары 2023 жылдың 31 мамырында аяқталады.
9 (10) сыныптарда білім алушылардың қорытынды бітіру емтихандары 2023 жылғы 2-13 маусым аралығында өткізіледі.
11 (12) сыныптарда білім алушылардың мемлекеттік бітіру емтиханында 2023 жылғы 5-19 маусым аралығында бақтарын сынап көреді.
9 (10)-сынып оқушылары үшін қорытынды аттестаттауды өткізу мерзімі:
оқыту тілі бойынша эссе нысанында жазбаша емтихан, гуманитарлық цикл пәндерін тереңдетіп оқытатын мектептер үшін – жазбаша жұмыс (мақала, әңгіме, эссе) – 2023 жылғы 2 маусым;
математика (алгебра) бойынша жазбаша емтихан (бақылау жұмысы) – 2023 жылғы 6 маусым;
өзге тілдерде оқытатын сыныптарда қазақ тілі мен әдебиеті бойынша жазбаша емтихан (мәтінмен жұмыс, мәтін бойынша тапсырмаларды орындау) және қазақ тілінде оқытатын сыныптарда орыс тілі мен әдебиеті бойынша жазбаша емтихан (мәтінмен жұмыс, мәтін бойынша тапсырмаларды орындау) – 2023 жылғы 9 маусым;
таңдау пәні бойынша жазбаша емтихан (физика, химия, биология, география, геометрия, Қазақстан тарихы, дүниежүзі тарихы, әдебиет (оқыту тілі бойынша), шет тілі (ағылшын/француз/неміс), информатика) – 2023 жылғы 13 маусым;
11 (12) сынып оқушылары үшін қорытынды аттестаттауды өткізу мерзімі:
оқыту тілі бойынша жазбаша емтихан – 2023 жылғы 5 маусым;
алгебра және анализ бастамалары бойынша жазбаша емтихан – 2023 жылғы 8 маусым;
Қазақстан тарихы бойынша ауызша емтихан – 2023 жылғы 12 маусым;
өзге тілдерде оқытатын сыныптарда қазақ тілі мен әдебиетінен және қазақ тілінде оқытатын сыныптарда орыс тілі мен әдебиетінен жазбаша емтихан – 2023 жылғы 15 маусым;
таңдау пәні бойынша жазбаша емтихан (физика, химия, биология, география, геометрия, дүниежүзілік тарих, құқық негіздері, әдебиет (оқыту тілі бойынша), шет тілі (ағылшын/француз/неміс), информатика) – 2023 жылғы 19 маусым.
Облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының білім басқармалары оқу жылын ұйымдасқан түрде аяқтау бойынша тиісті шараларды ұйымдастырады.