Turkish Airlines қаңтардың 13-інен бастап Қазақстанға әуе рейстерін жаңартады

Turkish Airlines қаңтардың 13-інен бастап Қазақстанға әуе рейстерін жаңартады
Сурет: Turkishairlines.com.ru

Turkish Airlines әуе компаниясы 13 қаңтардан бастап Қазақстанға әуе рейстерін жаңартады. Бұл туралы компанияның бас директоры Билял Экши мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy РЕН-тв сайтына сілтеме жасап. 

Ол әуе компаниясының 13 қаңтардан бастап Нұр-Сұлтан қаласына, 14 қаңтардан бастап Ақтауға, 15 қаңтардан бастап Түркістанға тұрақты рейстердің іске қосылатынын нақтылады. 

8 қаңтар күні Қазақстанда ішкі және сыртқы әуе қатынастары қалпына келтіріліп жатқаны хабарланған болатын.