Түркия туристерге ақылы вакцина салдыруға рұқсат берді

Түркия туристерге ақылы вакцина салдыруға рұқсат берді
Cурет: Baq.kz

Жаңа жылдан бастап жергілікті «Turkovac» вакцинасы да қолданыла бастады

Түркия Денсаулық сақтау министрлігі тұрақты тұруға рұқсаты жоқ немесе шетелден турист ретінде келген азаматтарға  Pfizer/BionTech немесе қытайлық Sinovac вакцинасын салдыруға болатынын айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Baq.kz-ке сілтеме жасап.

Вакцинаның екі дозасының құны шамамен 30 долларды құрайды. Екпенің екі компонентін де алған азаматтарға халықаралық сертификат беріледі.  
Негізінде Түркияда тұрақты тұруға рұқсаты бар әрбір шетелдік коронавирусқа қарсы вакцинаны тегін ала алады. Халықтың 84%-ы вакцинаның екі дозасын салдырып үлгерген.

Жаңа жылдан бастап жергілікті «Turkovac» вакцинасы да қолданыла бастады.

Соңғы күндері Түркияда коронавирустың «Омикрон» штамы тез таралуда. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 14 қаңтарда бір тәулікте коронавирус жұқтырғандар саны 67 857-ге жеткен. Вирустан 167 науқас қайтыс болды. Ал індет жұқтырудың алғашқы жағдайы 2020 жылдың 11 наурызында тіркелді. Ресми мәлімет бойынша, түрік елінде вирустан 82 361 адам қайтыс болды. Ауру жұқтырғандар саны 9,5 миллионға жетті.