Трампқа тағылған айып қандай?

Трампқа тағылған айып қандай?
Сурет: 24rus.ru

АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамп алаяқтық бабы бойынша айыпты деп танылды.

Банктер мен сақтандыру компанияларына берген қаржылық есебінде ол өз байлығын жылына миллиардтаған долларға асыра көрсеткен, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 24.kz-ке сілтеме жасап.

Бас прокуратураның мәліметінше, Трамп 2011 жылдан 2021 жылға дейін өз активтерінің құнын көтерген. Сот шешімі бойынша ол 250 миллион доллар шығынды қайтаруы  тиіс. Шешім Нью-Йоркте шығарылды.

Бұл - Трампқа қарсы 6 істің бірі, оның ішінде төртеуі - қылмыстық іс. Ал экс-президент бұл шешімге қарсы шағымданатынын мәлімдеді.