Елімізде коронавирустан 794 адам емделіп жатыр

Елімізде коронавирустан 794 адам емделіп жатыр
Сурет: Khabar.kz

Қазақстанда 29 қазандағы мәлімет бойынша, 794 адам коронавирус инфекциясынан (–653+ және 141 КВИ-) емделіп жатыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Inform.kz-ке сілтеме жасап.

Олардың ішінде 77 пациент стационарда, 717 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

• 2 адамның жағдайы ауыр,

• 4 пациенттің жағдайы өте ауыр,

• 1 науқас жасанды тыныс алу аппаратында жатыр.Айта кетейік, өткен тәулікте елде 8 адам коронавирус жұқтырып, 45 адам аурудан айығып шықты.

Сондай-ақ бүгінгі 10 842 616 адам коронавирусқа қарсы вакцинаның I компонентін, 10 604 215 адам II компонентін салдырды. Ревакцинацияланғандарн саны – 5 604 887.