Украинаға қашқанымен құтылмады

Украинаға қашқанымен құтылмады
almaty-akshamy.kz

Алаяқтық үшін сотталған азамат Украинадан Қазақстанға экстрадицияланды

Украинаның Әділет министрлігі Қазақстан сотының үкімін орындаудан жалтарған азамат «М» Қазақстан Республикасына беру туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сот аталған азаматты 2017 жылы аса ірі мөлшерде алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп танып, шартты мерзімге соттады. 2019 жылы «М» азаматы соттың өзіне жүктеген шектеулерін бұзып, жазасын өтеуден жалтару мақсатында жасырынып, іздеуге жарияланды.

Ағымдағы жылдың тамыз айында іздеуде жүрген адамды Украина аумағында осы елдің құқық қорғау органдары ұстады.
Бүгін Қазақстан Республикасының Украинадағы, Молдовадағы және Түркиядағы Елшіліктерінің қолдауымен Қазақстан Бас прокуратурасы мен Интерпол қызметкерлері оны біздің елге экстрадициялады.

Қазіргі уақытта ол Астана қаласының тергеу изоляторына қамалды.