Тоқтар Әубәкіров 75 жасқа келді

Тоқтар Әубәкіров 75 жасқа келді
Сурет: Тime.kz

Қазақтың тұңғыш ғарышкері мерейлі жасқа толды

Қазақ халқынан шыққан тұңғыш ғарышкер, Кеңес Одағының Батыры, Қазақстан Республикасының Халық қаһарманы Тоқтар Әубәкіров 75 жасқа толды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Уикипедия-ға сілтеме жасап.

1991 жылы 2 қазанда Тоқтар Әубәкіров зерттеуші ғарышкер есебінде Александр Волков және аустрия ғарышкері Франц Фибөкпен бірге «Союз ТМ-13» ғарыш кемесімен ғарышқа ұшуға кірісті. Бір апта бойы «Мир» орбиталды кешенінде жұмыс істеді. Дәл сол жылы 10 қазанда Тоқтар Әубәкіров, Анатолий Арцебарский, аустрия ғарышкері Франц Фибөк «Союз ТМ-13» ғарыш кемесімен Жерге қайтып қонды. Ғарышта өткізген мерзімі — 7 күн 22 сағат 13 минут.

Тоқтар Оңғарбайұлы - түркі халықтары мен мұсылман әлемі бойынша алғашқы боп ғарышты бағындырған тұлға.

Сондай-ақ, ол техника ғылымдарының докторы, Қорқыт ата университетінің профессоры, Австрияның бірнеше марапатымен марапатталған.