Токио Олимпиадасы аяқталды

Токио Олимпиадасы аяқталды
сурет: Inform.kz

Токио Олимпиадасының жабылуына арналған салтанатты шара басталды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.

Салтанатты шараны коронавирус пандемиясының қатаң шектеулеріне байланысты жанкүйерлер тамашалай алған жоқ.

Еске сала кетейік, Олимпиаданың ашылу салтанатына арнайы шақыртылған әлемнің 15 мемлекетінің және халықаралық ұйымдар басшыларын қоса есептегенде 950 құрметті қонақ қатысты.

Жабылу салтанатында Жапонияның Әнұраны орындалып, Мемлекеттік Туы жоғары көтеріледі. Спортшылар шеруін Грекия құрамасы бастап шықса, оны Жапония құрамасы қорытындылайды деп күтілуде.

Олимпиада жалауы алдағы Жазғы Олимпиада ойындарының қожайыны Францияға табыс етіледі. Айта кетейік, 2024 жылғы дүбірлі доданы Франция астанасы Париж қаласы қабылдайды.

Олимпиада алауы сөндіріліп, екі аптадан астам уақытқа созылған айтулы шара салтанатты түрде жабылады.

Қазақстан спортшылары сегіз қола медаль алды. Медальдар кеcтесі жөнінен қорытынды командалық есепте Қазақстан құрамасы 83-орынға тұрақтады.