Тоқаевтың тартуы

Тоқаевтың тартуы
Сурет: БОРТ N1 Telegram каналы

Былтыр Астанаға келген Франция Президенті қазақы тазыға ерекше қызыққан.

Сол кезде Қасым-Жомарт Тоқаев франциялық әріптесіне тазы сыйлауға уәде берген, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz БОРТ N1 Telegram каналына сілтеме жасап.

Сол уәде бойынша Мемлекет басшысы Эмманюэль Макронға сыйлаған қазақы тазының екі күшігі Парижге жеткізілген.

Қос тазыны француз ветеринарлары тексеріп, уақытша карантинге жіберді. Сондай-ақ Франция тарапына күшіктерді тамақтандыру және үйрету жөніндегі нұсқаулық берілді.

Тазы күшіктеріне Жюль және Жанна деген жарасымды есім берілгені мәлім болды. Күшіктер Макрон отбасының Немо есімді қара лабрадорымен «достасып» үлгеріпті.