Тоқаевтың Нью-Йорктегі жұмыс сапары аяқталды

Тоқаевтың Нью-Йорктегі жұмыс сапары аяқталды
Сурет: Аqorda_resmi

Президенттің сапар барысын бұдан бұрын хабарлағанбыз.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Нью-Йорк қаласына жұмыс сапары аяқталды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Сапар барысында Мемлекет басшысы БҰҰ Бас Ассамблеясы 78-сессиясының Жалпы дебатына қатысып, сөз сөйледі, бірқатар мемлекеттің басшыларымен, халықаралық ұйымдардың және трансұлттық компаниялардың жетекшілерімен кездесу өткізді.