Тоқаев Салық кодексіне енгізілген өзгерістерге қол қойды

Тоқаев Салық кодексіне енгізілген өзгерістерге қол қойды
Сурет: Akorda.kz

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев салық кодексіне енгізілген өзгерістерге қол қойды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» кодексіне (Салық кодексі) және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» Қазақстан Республикасының заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының заңына қол қойды.