Тоқаев Путинмен кездесуі жөнінде: Келіссөздер мазмұнды әрі қызықты өтті

Тоқаев Путинмен кездесуі жөнінде: Келіссөздер мазмұнды әрі қызықты өтті
akorda.kz

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ресейлік әріптесі Владимир Путинмен өткен келіссөздерге көңілі толғанын мәлім етті, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz 

«Бірінші кезекте мен Ресей Федерациясының Президентіне Мәскеуге ресми сапармен ізет білдіріп шақырғаны үшін алғыс айтқым келеді. Жаңа ғана біз біразға созылған келіссөздерді аяқтадық. Ол келіссөздер кезінде қол жеткізілген келісімдер туралы сіздерге құрметті Владимир Владимирович Путин мазмұнды ақпарат берді.

Шынымен де келіссөздер өте мазмұнды болды. Мен қызықты болды деп айтар едім. Мүмкіндікті пайдаланып, осы келіссөздердің өту барысына қанағаттанғанымды білдіргім келеді», - деді Қазақстан басшысы.