Тыйым салынған діни әдебиетті тасымалдаған Қырғызстан азаматына айыппұл салынды

Тыйым салынған діни әдебиетті тасымалдаған Қырғызстан азаматына айыппұл салынды
Сурет: Polisia.kz

Қырғызстан азаматына тыйым салынған діни әдебиетті тасымалдағаны үшін 258 мың теңге айыппұл салынды.

Түрксіб станциясындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері рейдтік іс-шараларды өткізу барысында Бішкек – Самара бағытындағы пойыз жолаушыларының бірінен Қазақстан Республикасының аумағында тыйым салынған діни әдебиеттерді сақтау және тасымалдау фактісін анықтады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

Тексеру кезінде Қырғызстан Республикасының 19 жастағы азаматы анықталды. Дінтану сараптамасы діни әдебиеттің Қазақстан Республикасының аумағында тыйым салынғандығын көрсетті. Құқық бұзушыға қатысты әкімшілік материал толтырылды. Жамбыл облысы Меркі аудандық сотының шешімімен шетел азаматы әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оған 70 айлық есептік көрсеткіш (258 440 теңге) мөлшерінде айыппұл салынды.