Tesla электромобилінің жаңа нұсқасы таныстырылды

Tesla электромобилінің жаңа нұсқасы таныстырылды
Cурет: media.az

Tesla бұрынғы Model S электрокарын жаңартты

Tesla бұрыннан кең тараған Model S автокөлігінің жаңа нұсқасын таныстырды. Бұл жайында Electrek басылымы жазды,  деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Лифтбектің жаңарған нұсқасы алғаш Тайванда таныстырылды. Журналистер аталған компанияның жаңа өнімі бірінші рет АҚШ-тан тыс жерде саудаланып жатқанын жарыса жазуда. Model S нұсқасына бірқатар жаңашылдық еңгізілген. Мәселен, электрокардың шамы матрица текті болып шыққан, ондай өзгеріс Model 3 пен Model Y-дің  соңғы модификациясында да бар. 

Электромобильге  аккумуляторды қуаттау үшін Combined Charging System (CCS) жаңа порты қойылған. Нөмір белгісіндегі жиектер алынып тасталған, авторлардың пікірінше бұл көліктің сыртқы келбетін тартымды ете түседі. Tesla жақын арада көліктің осы жаңа нұсқасын өндіріске шығарып, бұған дейінгі моделдердің барлығын ауыстырмақ.

Мамандардың айтуынша, Tesla-ның Model S жаңа нұсқасы еш өзгерместен АҚШ нарығына шығарылады. 

«Солтүстік Америка нұсқасында жалғыз өзгеріс болады, яғни аккумуляторды қауаттайтын порттың үлкейтілуі іске асады»,-дейді журналисттер.

Tesla Model S — бес есіктен тұратын электромобиль, ол өндіріске 2012 жылы шыққан. Журналистердің жазуынша, лифтбектің дизайны алғаш шыққан буыннан бері түбегейлі өзгеріске ұшырамаған.

Айта кетсек, өткен жылдың желтоқсан айында Tesla компаниясы Cybertrack пикапының жаңа нұсқасын таныстырған болатын.