Теңгені рубльге қолайлы бағада «айырбастаймын» деп тұрғындарды алдаған ер адам ұсталды

Теңгені рубльге қолайлы бағада «айырбастаймын» деп тұрғындарды алдаған ер адам ұсталды
Сурет: Polisia.kz

Алматыда теңгені рубльге қолайлы бағада айырбастаймын деп тұрғындарды алдап соққан ер адам ұсталды.

Алматы полициясы теңгені рубльге айырбастаған кәсіпкер ер адамды ұстады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.  

«28 жастағы А.есімді азамат бірқатар алаяқтық жасады деген күдікпен құрықталды. Ер адам әлеуметтік желі арқылы теңгені рубльге қолайлы бағамен айырбастау туралы хабарландыру жариялады. Қазіргі уақытта тергеу күдіктінің алдаудың 4 дерегіне қатысы бар екендігін дәлелдеді. Тергеу барысында белгілі болғандай, күдікті бір жағдайда 300 мың теңгені, екіншісінде 1 миллион теңгені «айырбастаған». Анықталған деректер бойынша, ҚР ҚК-нің 190-бабына сәйкес, тергеу амалдары жүргізілуде», – деп хабарлады, Әуезов аудандық ПБ-ға қарасты полиция бөлімінің бастығы Еділхан Байғараев.

Полицияның айтуынша, алданған адамдар әлдеқайда көп болуы мүмкін. Осыған орай, тәртіп сақшылары аталған адамның суретін мұқият қарап шығуды және оны таныған жағдайда мына телефон нөмірлеріне хабарласуды сұрайды: 8-747-359-79-24; 8-708-909-75-76; 8-701-775-08-35.

Ақпарат көзі Polisia.kz сайтында: https://polisia.kz/almatyda-tenggeni-rubl-ge-qolajly-baghada-ajyrbastaghan-er-adam-ustaldy/