Темірбек Жүргенов есімі Анкарада ардақталды

Темірбек Жүргенов есімі Анкарада ардақталды
Сурет: 24.kz

Мемлекет және қоғам қайраткерінің 125 жылдық мерейтойына орай Түркиядағы елшілігіміз кітап басып шығарды.

Темірбек Жүргенов атымен жарық көрген туындыға Алмас Алматов, Бекарыстан Мырзабай жане Бауыржан Иманғалиев сияқты Қазақстанның белгілі қайраткерлерінің еңбектері енген, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Кітапты құрастырушы – Жүргенов қорының басшысы Сәби Аңсатов. ТҮРКСОЙ ұйымына мүше мемлекеттердің мәдениет министрлерінің шешімімен 2023 жыл түркі әлемінде Темірбек Жүргенов жылы деп жарияланған болатын. 

«2023 жыл түркі елдері үшін Жүргенов жылы деп жарияланды. Жүргеновтың Орталық Азия елдері үшін атқарған қызметтері сай түркі әлемін біріктіретін жақсы шара болайын деп тұр. Бүгінгі кітаптың тұсау кесеріне келетін болсақ, толық менің шығарған кітабым емес. Біреудің еңбегін сіңіріп кеткім келмейді. Ішінде оның төрт үлкен мақалсын жаздым», - дейді Темірбек Жүргенов қорының басшысы Сәби Аңсатов.