Telegram желісінде жаңа функциялар пайда болды

Telegram желісінде жаңа функциялар пайда болды
Сурет: Appleinsider.ru

Енді видеода айтылған сөзді экранда мәтін қып оқуға болады.

Telegram мессенджерінің соңғы жаңартуына байланысты онда бірнеше жаңа мүмкіндіктер пайда болды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Telegram Premium қолданушылары видеодағы ауызекі сөйлемді мәтінге айналдыру мүмкіндігіне ие болды. Бұрын бұл функция тек дауыстық хабарламалармен жұмыс істесе, енді «бейне шеңберлер» деп аталатын функциясына да жұмыс істейтін болады. Бұл, әсіресе, смартфондағы дыбысты қоспайтын және құлаққапты қолданбайтын пайдаланушылар үшін өте ыңғайлы. Себебі, видеода айтылған сөзді экранда мәтін қып оқуға болады.

Сонымен қатар, енді сіз әдеттегі никнеймнен бөлек, Fragment платформасында сатылатын қосымша атауларды аккаунтқа байлай аласыз. Олар кәдімгі никнейм сияқты жұмыс істейді. Қаласаңыз, сатып алған лақап атты өшіруге немесе қайта сатуға мүмкіндігіңіз бар.

Сондай-ақ, қатысушылардың саны 200-ден асатын топтардың админдері негізгі топ ішінде жеке чаттар түрінде тақырыптар бойынша пікірталас құруға мүмкіндік алды. Одан бөлек, 12 жаңа эмодзи жиынтығы қосылды. Telegram Premium пайдаланушылары оларды статус ретінде пайдалана алады.