Текелі тұрғыны есірткінің ірі партиясымен ұсталды

Текелі тұрғыны есірткінің ірі партиясымен ұсталды
Сурет: Ашық дереккөзі

Жетісу облысында Текелі қаласынын тұрғынынан полицейлер есірткінің ірі партиясын тапты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz polisia.kz сілтеме жасап.

Күдіктінің тұрғылықты жерінен полицейлер қызметтік-іздестіру итінің көмегімен 8 кг 80 грамм гашишты тапты.

Ер адам уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды. Тергеу амалдары басталды.