Тегін цирк қойылымы өтеді

Тегін цирк қойылымы өтеді
almaty-akshamy.kz

24 мамырда Алматы Қазақ мемлекеттік циркінде балалар үйінің тәрбиеленушілері, сондай-ақ көп балалы және аз қамтылған отбасы балалары мен жасөспірімдері үшін тегін цирк қойылымы өтеді, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz Жастар саясаты басқармасына сілтеме жасап.

Жоба аясында қала жастарымен қатар 1700 баланы қамту жоспарлануда. Өткізілетін күні мен орны: 24 мамыр сағат 11:00, Абай даңғылы 50.
Анықтама үшін байланыс телефон: Анарбаева Бағдат, «Qamqor» қайырымдылық қозғалыс еріктілерінің төрайымы, +7 747 540 01 40