Таныс иістер жағымсыз күйден арылуға көмектеседі

Таныс иістер жағымсыз күйден арылуға көмектеседі
Сурет: Shutterstock/FOTODOM

Питтсбург университетінің ғалымдары жүргізген зерттеу нәтижесі бойынша таныс иістер жағымды естеліктерді оятып, жағымсыз күйден арылуға көмектесетінін анықтады.

Бұл жаңалықтың депрессиядан зардап шегетін адамдарды дертінен айықтыруға әлеуеті жететінін алға тартып отыр. Бұл жайында islam.kz порталы New York Post ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Дәлірегі, бұл арада естеліктерді оятатын таныс иістер турасында сөз болып отыр. Бұл бағыттағы зерттеуге жетекшілік еткен Кимберли Йанның айтуынша, таныс әрі жағымды иістің эмоциялық әсері сөзге қарағанда әлдеқайда күшті келмек. Бұл жаңалық күйзеліске бой алдырғандарды емдеуде қолданылуы мүмкін.