Танымал спорт журналисі коронавирустан көз жұмды

Танымал спорт журналисі коронавирустан көз жұмды
Cурет: Ашық дереккөз

Қазақстандық журналист каналдағы соңғы шығарылымдарының бірінде індетпен күресіп жатқанын айтқан

Белгілі қазақстандық спорт журналисі Евгений Гайдамакин 39 жасында коронавирустан қайтыс болды. Қайғылы хабарды Айдын Қожахмет өзінің Telegram-арнасында жазды деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

«Коронавирус әлі 40-қа да келмеген талантты журналисті арамыздан алып кетті», –  деп жазды ол.

Әріптестері оның кәсіби қызметіне жоғары баға беріп, спорт тақырыбын қаузайтын нағыз маман екенін атап өтті.

Соңғы кезде ол Youtube каналында өзінің Sports True жобасымен айналысып жүрген.

Каналдағы соңғы шығарылымдарының бірінде індетпен күресіп жатқанын айтқан.