Таңертең тағы жер сілкінді

Таңертең тағы жер сілкінді
Сурет: Almaty-akshamy.kz

Бірақ қаламызда сезілген жоқ.

24 қаңтар күні таңертең Алматыдан 212 шақырым жерде тағы да жер сілкінісі болды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Сейсмологиялық бақылаулар және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығының мәліметінше, жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 212 шақырым жерде орналасқан.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы 10,3 болды. Магнитудасы – 4,4. Жер сілкінісі 10 шақырым тереңдікте болды. Қазақстан аумағында жер сілкінісі сезілген жоқ, алматылықтар дүмпуді сезген жоқ.

Сейсмологтар таңғы сағат 7:35-те Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 250 шақырым жерде Қырғызстан мен Қытай шекарасында кезекті жер сілкінісін тіркеді. Алматылықтар мұны да сезген жоқ.