Алматы-Өскемен жолының бойында көлік қаққан велосипедші қаза болды

Алматы-Өскемен жолының бойында көлік қаққан велосипедші қаза болды
Сурет: 365info.kz

Алматы облысында 51 жастағы велосипедшіні көлік қағып, мерт қылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 

«2 тамыз күні түнгі сағат 22:50-де велосипед мінген адамды көлік қағып, мерт қылды. Оқиға Алматы-Өскемен тасжолының 19-шы шақырымында болған. "Мазда" көлігінің 49 жастағы жүргізушісі белгіленбеген жерден велосипедпен өтіп бара жатқан адамды қағып кеткен. Қазір аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы бойынша тергеліп жатыр. Қажетті сараптамалар тағайындалды»,- делінген Алматы облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарламасында.

Ведомствоның ақпаратына сәйкес, көз жұмған азамат Іле ауданының тұрғыны болған.