Үлескерлерді үптегендер жауапқа тартылуда

Үлескерлерді үптегендер жауапқа тартылуда
Сурет: ашық дереккөз

Бүгінгі таңда үлескерлік құрылыс төңірегінде қордаланған мәселелер кездесіп тұрады. Қала билігі бұл мәселеге қырын қарамай, басты назарға алған. Десек те, азаматтарды алдау фактілері кездесіп тұрады. Алматы әкімі Ерболат Досаев Медеу ауданы халқымен кездесуінде үлескерлер тарапынан сауал қойылды, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz

- Біз үлескерлік құрылыс бойынша «KB Development» құрылыс компаниясына алданып жүрміз. «Весновка» тұрғын үй кешенінің құрылысы тоқтап қалды. Ақша да жоқ, пәтер де жоқ. Құрылысшы пәтерлердің біздің атымызда жоқ екенін айтады. Неліктен «Весновка» ТК пәтер сатуға тыйым салмайсыздар? Агент пәтер сатуды тоқтатпай келеді? Осы жағдайға назар аударсаңыз, - деп өтінді тұрғын.

Алматы қалалық қала құрылысын бақылау басқармасының басшысы Бақытжан Наурызбековтің мәліметі бойынша, ​​«Ush Qonyr» тұрғын үй кешенін салған KB Development компаниясы пәтерлерді сату үшін 2020 жылдың шілдесінде «Leader Group» компаниясын жалдаған. Қазір олар Алмалы ауданында салынып жатқан «Весновка» тұрғын үй кешенінің құрылысын қолға алыпты. Мұнда да «Ush Qonyr» тұрғын үй кешені секілді пәтерлерді сату үшін «Leader Group» компаниясын жалдаған. Бұл фактіні басқарма анықтап, үлескерлермен кездесу өткізген. Нәтижесінде арызды полиция мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке тапсырыпты.

- Бүгінгі күні «Ush Qonyr» тұрғын үй кешенінің барлық пәтерлері арестке қойылған.  «Весновка» тұрғын үй кешенінің құрылысы тоқтап тұр. «Лидер Групп» компаниясының қызметі тоқтатылды, себебі тергеу жүріп жатыр. Басшыға қатысты бұлтартпау шарасы қолданылды.

Тиісті мәселеге қатысты қала прокуроры  Берік Жүйріктаевтың айтуынша барлық істер бір өндіріске біріктірілген. Тінтулер жүргізіліп, барлық құжаттар тәркіленіпті. Арнайы сараптама дайындалған. 141 пәтер арестте тұр екен. Қазірдің өзінде бұл іс бойынша 50 жәбірленуші жауапқа тартылыпты. 

Қала әкімі тиісті органдарға жағдайды бақылауға алып, кінәлілерді жазалауды тапсыр.

- Қалалық прокуратурадан істі бақылауға алуды, пәтерлерді арестке қоюды қалай жүргізілгенін, оның қалай жұмыс істейтінін тексеруді сұраймын. Ал біз оны анықтаймыз. Егер пәтерлерді сатумен айналысқан басшыға қатысты шектеу шаралары қолданылса және ол, үлескерлердің айтуынша, сатуды жалғастырса, онда оның кәсіпкерлік қызметін шектеу қажет. Егер ол жұмысын жалғастыра берсе, онда заңда белгіленген тәртіппен ұсыныс енгізіңіз. Заң талабы бойынша бас бостандығынан айырыңыз,- деп Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев тиісті органдарға жағдайды бақылауға алуды тапсырды.