Стенд атудан Қазақстан кубогі өтуде

Стенд атудан Қазақстан кубогі өтуде
Сурет: 24.kz

Сұрмергендер сайысы. Елордада стенд атудан Қазақстан кубогінің үшінші кезеңі басталды.

Байрақты бәсеке 4 кезеңнен тұрады. Бұл жолы еліміздің түкпір-түкпірінен 100-ден аса спортшы жиналды. Олардың арасында құрлықтық және әлемдік додаларда топ жарып жүргендері де бар, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 24.kz-ке сілтеме жасап. 

Жарысқа қатысушылар стенд атудың скит және спортинг түрлері бойынша өзара мықтыны анықтайды. Жарыстың жалпы қорытындысы 29 тамызда белгілі болады. Кейін ел үздіктері қараша айында тағы да бас қосып, Қазақстан кубогының шешуші, яғни, төртінші кезеңінде бағын сынайды. Осы жарыстар қорытындысы бойынша ұлттық құрама жасақталып, Хорватияда өтетін лицензиялық әлем чемпионатына қатысаты. Елордадағы ату алаңында Қазақстан кубогімен паралель Нұр-Сұлтан қаласының ашық чемпионаты да ұйымдастырылып жатыр.

«Бір қуанарлығы – елордадағы ату алаңы қайта жанданып, айтулы аламандарды қабылдай бастады. Өйткені ЭКСПО көрмесінен кейін 4 жылдай тұралап қалып еді. Қазір мұндағы жағдай жақсы. Спортшыларға өте қолайлы. Біз осы бәсекелер нәтижесінде ел үздіктерін іріктеп, бірлескен жаттығу жиындарын өткіземіз. Одан кейін дәл осы спортшылар халықаралық жарыстарда ел намысын қорғайды», - дейді Қазақстан спорттық ату федерациясының бас хатшысы Олег Почивалов.