Жазушы Илья Жақанов пен ғалым Төрегелді Шарманов «Қазақстанның Еңбек Ері» атанды

Жазушы Илья Жақанов пен ғалым Төрегелді Шарманов «Қазақстанның Еңбек Ері» атанды
Сурет: Inform.kz

Президент тиісті Жарлыққа қол қойды.

Жазушы Илья Жақанов пен ғалым Төрегелді Шарманов «Қазақстанның Еңбек Ері» атанды. Мемлекет басшысы бүгін тиісті Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтау туралы ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

  1. Қазақстан Республикасының әлеуметтік-гуманитарлық дамуындағы аса үздік жетістіктері үшін: жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі – Алтын жұлдыз тапсырылсын: Жақанов Илья – жазушы, Атырау қаласы.

  2. Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудағы аса үздік жетістіктері үшін: жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі – Алтын жұлдыз бен «Отан» ордені тапсырылсын: Шарманов Төрегелді – Қазақ тағамтану академиясының президенті, Алматы қаласы.

    Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаев Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2022 жылғы 17 наурыз № 838.